Юлия Галышева әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент

Алғашқы алтылықтан көрініп жүрген отандасымыз әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарына қосыла алмай жүрген еді. Бүгін Юлия Галышеваға қола жүлде бұйырды. Ол 1/8 финалда кореялық Жан Хво Сюді 35:0 есебімен, ширек финалда канадалық Эндрю Робихаудты 21:14 нәтижесімен ұтты. Ал жартылай финалда америкалық Ханна Керниманнан 17:18 есебімен ұтылып қалды. Қола жүлде үшін өткен сында отандасымыз канадалық Клот Лапуант Дюфурды 18:17 есебімен жеңіп шығып, қола жүлдені еншіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Юлия Галышева могулден өткен бәсекеде бесінші орынды қанағат тұтқан болатын.

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама