Ыстыбаев пен Нұғымаров екі дүркін "Қазақстан Барысы" атану мүмкіндігінен айырылды
Кілемге "Қазақстан Барысы-2013" деген атағымен шыққан Шығыс Қазақстан облысының үміті Айбек Нұғымаров 1/8 финалдық белдесуде Қызылорда облысының палуаны Руслан Әбдіразақовқа ешкім күтпеген жерден тізе бүкті. 117 келі тартқан Әбдіразақов өзінен 20 келіге ауыр атақты қарсыласынан еш қаймықпай, таза жеңіспен ширек финалға жолдама алды.
Тағы бір ел күтпеген жеңіске Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов жетті. Ол 2012 жылғы "Қазақстан Барысы" атанған Бейбіт Ыстыбаевтың жауырынын жерге тигізді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: sports.kz