Ярослава Шведова жұптық кезеңде «US Open» турнирін жеңе алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sport.mail.ru

1 сағат 10 минутқа созылған ойында Ярослава Шведова мен Кейси Деллакуа қарсыластарына қарсылық таныта алмады. Екі сетте де 6:3, 6:3 есебімен ұтылды.

Мартина Хингс пен Саня Мирза жұп құрап екінші рет «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста топ жарып отыр. Осы жылы «Уимблдон» додасында жеңімпаз атанған еді.

Айта кетейік, Ярослава Шведова «US Open» турнирі жұптық кезеңінің финалында үшінші рет өнер көрсетті. 2010 жылы Ване Кингпен бірге жеңімпаз атанса, 2011 жылы финалда жеңіліп қалған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама