"Вуэльта" көпкүндігі "Астана" үшін сәтті басталды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

«Астана» командасы жекелей сында 27 шақырымды 29 минут 59 секундта жүріп өтті. Ал мәрі сызығын екінші болып Radioshack командасы кесті. Олар қазақстандық командадан 10 секундқа артта қалып отыр. Үшінші болып Omega Pharma-Quick келді. Жекелей сында әлем чемпионы деген атағы бар Тони Мартин өнер көрсететін бұл команда (+16 секунд) уақытын тіркеді.   

Ресейлік «Катюша» 12-орынды иеленсе, енді оның көшбасшысы Хоаким Родригес «Астана» командасының үздігі итальяндық Винченцо Нибалиден 59 секундқа артта қалды.

Сонымен жарыстың бірінші кезеңінен кейін сары жейдені Нибалидің командаласы («астаналық») Янец Брайкович киді.  

Жалпы биылғы «Вуэлта» көпкүндік веложарысында екі жекелей кезең қарастырылған – бірінші кезеңдегі командалық және 11 шақырымға жекелей сын. Одан бөлек, жарыста бес тау, жеті белес және қалғаны жазық кезеңдері жоспарланған. Жарыс кезінде велосайысшылар жалпы саны 21 кезеңге қатысып, осы аралықта 3319,1 шақырым қашықтықты басып өтулері тиіс. Көпкүндік жарыс Испания астанасы Мадридте мәреге жетеді. Естеріңізге салсақ, өткен жылы бұл жарыста Saxo-Tinkoff командасының көшбасшысы испандық Альберто Контадор топ жарған болатын.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: astanafans.com 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама