Виталий Демьяненко - «Astana Arlans» клубының бас менеджері

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

 — Өткенге көз салып қарайықшы. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиевтер бүгінде спорт саласында жұмыс істеп жатыр. Олар енді менеджерлік қызметте өздерін жақсы қырларынан көрсететін болады. Осы орайды пайдаланып «Astana Arlans» командасының жанкүйерлеріне де қуанышты жаңалық жеткізсем деген едім. Енді біздің команданың бас менеджері Виталий Демьяненко болады. Өкінішке орай ол дәрігерлердің нұсқауы бойынша енді кәсіпқой ринг төріне бір жылдай шықпайды. Сондықтан да біз ол жігітті командаға шақыртуды жөн көрдік. Оның үстіне Витя команда қатарындағы жігіттердің көпшілігін таниды. Оның ұжыммен жақсы жұмыс істеуіне ешқанда кедергі көріп тұрған жоқпын, - дейді Болат Манкенов.

— Болат Тохтарұлы, командадағы менеджердің қызметі туралы толығырақ айтып берсеңіз ...

— Бұл қызметтің басты міндеті, команданы жарыстарға алып бару. Жарыстың өту барысын ұйымдастыру. Айта кетейін, Виталий ағылшын, орыс және қазақ тілдерін меңгерген. Сол себепті де, жаңа жұмысына тез бейімделетін шығар.

Біз бұл жаңалықты есітіп, «Astana Arlans» командасының жаңа менеджері Виталий Демьяненкоқа қоңырау соқтық:

— Виталий, жаңа жұмыс орныңызбен құттықтаймыз!

— Рахмет. Мен бокстан жарақатыма байланысты біршама уақытқа кеттім. Сол аралықта енді «Astana Arlans» командасының менеджер қызметін атқаратын боламын.

— Жаңа қызметіңізге кірісіп кеттіңіз бе?

— Ия. Өткен аптадан бастап жаңа жұмысымды бастадым. Маған бұл қызметте «BigFish» компаниясының қызметкері Ринат Кутдусов және «Astana Arlans» командасының барлық менеджерлері көмектесін болады.

— Сізді енді әуесқой бокстың рингінен көре аламыз ба?

— Бұл сұрақтарыңызға мен қазір толық жауап бере алмаймын. Дәрігерлер жарақатымнан толықтай айығу үшін біршама уақыт кететінін айтты. Егер толықтай жазылып жатса, шаршы алаңға қайта шығамын. 

Cұхбаттасқан: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама