Виртуалды Алматы жартылай марафоны: жүгіру іс-шараларының жаңа форматы
Қазақстандағы карантиндік шараларға байланысты іс-шараның үйреншікті және барлық жүгірушілер сүйіп-ұнататын форматын онлайн-жүгіруге ауыстыруға тура келді. Бүгінгі таңда онлайн-жүгірулер бүкіл әлемде танымал. Бұл қауіпсіз, жанасусыз, ыңғайлы. Сен қалаған ыңғайлы уақытта және кез келген ыңғайлы жерде жүгіре аласың, дегенмен онлайн-жүгірулер жанды старт атмосферасына жетпейді.
— Біздің қатысушыларымыз өздерін нағыз үлкен спорттық іс-шараның бөлігі ретінде сезінуі үшін біз оларға бағдарлама дайындадық. Алматыда жүгірушілер үшін су, медальдар беру пунктілері орнатылды, өйткені мәреде өзің жеңіп алған медальді алу — ең жағымды сәттердің бірі ғой, — дейді Virtual Half Marathon директоры мен ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева. — Бір жерде жүгірушілер біздің музыкалық нүктелеріміздің жанынан жүгіріп өтіп, фотоаймақтарда естелік суретке түсті. Біз барлық қауіпсіздік шараларын ескердік және жүгірудің күні бойы өтуі, қатысушылардың әрқайсысы ыңғайлы уақытта жарысқа шығуы арқылы адамдардың жаппай жиналуына жол бермедік.
Таң Уәлихан Тенмен бірге жарыстың тұрақты қатысушылары үшін әсерлі және үйреншікті жаттығулардан басталды. Жаттығу бейнелері таңертеңнен бастап күні бойы қолжетімді болды. Кейінірек, жаттығуды скандинавиялық жаяу жүру мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко жарты марафоннан жаяу жүріп өтуді жоспарлағандар үшін өткізді.
Жартылай марафон — бұл 21,1 км-лік дәстүрлі қашықтық. Қатысушылар оны өз бетінше немесе 3 адамнан тұратын команда құрамында еңсере алды. Адамдар басқа қалалардың жүгірушілерімен бірікті. Жартылай марафон шын мәнінде бүкілқазақстандық болып шықты.
Жарыстың барлық қатысушылары мәре медальдарына ие болды, ал ең жылдам жүгірушілерге серіктестер тарапынан жүлделер мен сыйлықтар табыс етіледі.
Ерлер арасындағы абсолюттік есепте Заңғар Әлкенов есімді Қарағанды қаласынан қатысушы 01:10:14 мәрелік уақытымен үздік нәтиже көрсетті. Қыздар арасында Наргиза Игликова есімді Алматы қаласынан қатысушы 01:29:06 нәтижесін көрсетті. Командалық эстафетада «Runstars ERG» командасы жалпы нәтижесімен 01:32:56 ең мықты болды. Команданың барлық үш қатысушысы әртүрлі қалаларда жүгірді: Алматы, Рудный және Қашар ауылында.
Кешке қарай барлық қатысушылар белгілі театр және кино актрисасы, альпинист және жүгіруші Айсұлу Әзімбаевамен бірге тікелей эфирде өткен сұхбатты тыңдай алды.
Ұйымдастырушылардың алдында тек алматылық жүгірушілерге ғана арналған тағы бір жарыс тұр. «Жарыс қаһарманы» онлайн-жарысы екі күн бойы, яғни 14 және 15 қарашада өтеді және осы маусымның ақтық жарысы болады. Жарыс тіркелу осы 26 қазанда ашылады.