Винокуров Парижде ота жасатты
11. 07. 2011 жыл
Саша мәреге 98 шақырым қалғанда жол үстінде құлап қалған болатын. Бүгінгі отаның осы ойынмен қатысы бар. Өйткені сол кезде төсек тартып қалған спортшы жамбасына метал құрылғы салуға мәжбүр болған. Кейіннен денсаулығы қалпына келген ол Лондон олимпиадасына қатысып, алтын медальді тағып келген болатын.
"Маған кеше Парижде ота жасалды. Жамбасымдағы метал құрылғыдан құтылдым. Тағы да көп қан жоғалттым. Тағы да балдақпен жүруге тура келеді. Қазір демалып жатырмын" - дейді Винокуров басылымдарға берген кішігірім сұхбатында.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: astanafans.com