Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

Халыаралық турнирде 29 елден 168 былғары қолғап шебері бақ сынады. Қазақстандық төрт боксшы финалға дейін жетті. Ал Әлімхан Аманкүл жарысты ширек финалда аяқтады.

Финалға шыққан төрт боксшымыздың біреуі ғана жеңіс тұғырынан көріне алды. 64 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов әзірбайжандық Сотомайор Лоренцоны жеңіп, чемпион атанды. Ал Ілияс Сүлейменов (52 келі), Шалқар Айқынбай (49 келі) және Али Ахмедов (81 келі) күмісті қанағат тұтты.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы 1 алтын 2 қола жеңіп алған еді. Ал 2014 жылы болса үш боксшымыз жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама