Велотректен ел чемпионаты мәресіне жетті

О Сансызбай Корреспондент

Велошабандоздарымыз осы спорт түрінің  мэдисон, гит және скретч бәйгелері бойынша сынға түсті. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Астана велотрекшілері жеңіп алды. Алматы облысының велоспортшылары екінші орын алса, үштікті Қызылорда құрамасы қорытындылады.

Ерлер арасында жұптасып өнер көрсетуден мэдисон сынында оңтүстік қазақстандық спортшылар Диас Өмірзақов пен Сұлтанмұрат Мырзалиев жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасында елордалық спортшылар Тимур Қуатов пен Вадим Пронский топ жарды.

Жұптасып өнер көрсетуде 1000 метр қашықтықтағы гит бәйгесінде Заки Сұлтанов пен Эдуард Розенберг ел чемпионы атанса, 500 метрлік сында Амелия Сұлтанова үздік шықты. Үш спортшы да Астана қаласының намысын қорғады.

Бозбалалар мен бойжеткендер скретч пен спринтерлік сындарда бақ сынады. 7,5 шақырымдық скретч сынындағы бозбалалар бәсекесінде Иван Зайцев (Астана) жеңімпаз атанса, бойжеткендер арасында Жанерке Санақбаева үздік шықты. Сонымен қатар, қарағандылық ару спринтерлік сында да чемпиондыққа қол жеткізді. Ал оның жерлесі Кирилл Рудик бозбалалар арасындағы спринтерлік сында топ жарды.

 Сурет: 2wheels.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама