Василий Левит әуесқой бокстағы мансабын жалғастырады
28 жастағы боксшы спорт сайтына берген сұқбатында жақын уақытта кәсіпқой боксқа ауыспайтынын айта кеткен. Алдағы жоспарларымен бөліскен. Сондай-ақ, Василий арнайы жоба аясында Астана тұрғынымен өткізген кездесуінде де әуесқой бокста қалатыны туралы айтқан болатын.
- Мен әуесқой бокста бақ сынауымды жалғастыра беремін. Ата-анаммен, ұжыммен және басшылықпен ақылдаса келе осындай шешім қабылдадым. Әуесқой бокста әлі бағындырар белестерім бар. Одан кейін көре жатармыз, - деді боксшы.
Айта кетейік, Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін Василий Левиттің кәсіпқой боксқа ауысуы туралы ақпараттар тараған болатын.