Вальдес "Монакоға" ауысады

О Сансызбай Корреспондент

31 жастағы Испания құрамасының қақпашысы қаңтар айында француздық "Монако" футбол клубымен 4 жылдық келісім-шартқа отырмақ. Қысқы ауысым кезеңінде Виктордың "Барселонамен" келісім-шарты аяқталады. Егер футболшы "Монакоға" ауысса, жылына 10 миллион евромен қатар қосымша сый да алатын көрінеді. Сонымен қатар, бұрынғы командаласы Эрик Абидальмен қайта бір командада ойнайды. 

Естеріңізге сала кететін болсақ, Виктор Вальдес "Барселона" сапында алғаш рет алаңға  2002 жылы шыққан болатын. Содан бері каталондық команда құрамында 506 кездесуге қатысқан екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: smotrisport.tv

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама