Үшінші алтын! Қазақстандық жас ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Қазақстандық зілтемірші өз қатарластарынан озып шығып, алтын медаль жеңіп алды. Жұлқа көтеруде - 134 кг, серпе көтеруде 175 кг салмақты бағындырды. Екі жаттығу бойынша да отандасымыз үздік болып, кіші алтын медальды еншіледі.
Бұл салмақта күміс және қола медальды АҚШ пен Перу спортшылары иеленді.
Сәпи Есенкелдіге дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ақмолда Сайрамкез (61 кг) бен Сайхан Тайсуев (67 кг) жеңімпаз атанған болатын.
Лас-Вегастағы жас ауыр атлеттер аламаны 15 наурыз күні аяқталады. Жарысқа 13 пен 17 жас аралығында 50 елден 200-ге тарта спортшы қатысуда. Қазақстаннан 5 спортшы аттанған. Оның 3-і жеңіс тұғырынан көрінді. Бекболат Рахат пен Ольга Пастухова 13 наурыз күні жарыс жолына шығады.