Усейн Болт спорттық мансабындағы соңғы жарысында жеңіліс тапты
Жеңіл атлетика аңызы қатысқан жарыста америкалық Джастин Гэтлин (9,92) 100 метрдің жаңа чемпионы атанды, ал күміс жүлдегер Кристиан Колмэн (9,94) болды. Жарыс алдында Болт бұл әлем чемпионаты оның спорттық мансабындағы ең соңғы жарысы болатынын айтқан болатын.
21 тамызда атақты ямайкалық желаяқ 31 жасқа толады. Ол осыған дейін Пекин, Лондон, Рио-де-Жанейро Олимпиадаларына қатысып, спорттық мансабында 100, 200 метр және эстафеталық қашықтықта сегіз алтын медаль алды. Одан бөлек әлем чемпионаттарындағы 11 жеңісі бар.