Универсиада - 2017. Төртінші күннің ойындар кестесі

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ the-steppe.com

Қазақстандық жанкүйерлер биатлоншылар мен могулшы фристайлшылардан зор үміт күтеді. Отандастарымыз бұл спорт түрлері бойынша фавориттер қатарында. Жарыс жолына шығатын спортшыларға сәттілік тілейміз.

Спорт түрі: Биатлон. Әйелдер. Спринт (7,5 шақырым). Ерлер. Спринт (10 шақырым).
Қатысушылар (Қазақстаннан): Анна Кистанова, Алина Райкова, Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Дарья Усанова, Антон Пантов, Владислав Витенко, Тимур Куц, Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин.
Басталуы: Әйелдер сайысы 10:30-да, ерлер 13:15-те ("Хабар") жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

Спорт түрі: Фристайл. Могул. Ерлер, әйелдер.
Қатысушылар: Юлия Галышева, Дмитрий Рейхард, Павел Колмаков, Александр Геберт, Константин Горлачев.
Басталуы: Сағат 11:00-де ("Қазақстан").
Өтетін орны: «Шымбұлақ»

Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең.
Құрамалар: Қазақстан - Ұлыбритания (ерлер), Қазақстан - Корея (әйелдер), Қазақстан - Корея (ерлер).
Басталуы: Алғашқы ойын 09:00-де, екінші ойын 14:00 және үшінші ойын 19:00-де болады.
Өтетін орны: «Алматы Арена»

Спорт түрі: Шаңғы спорты. Ерлер, әйелдер. Спринт.
Қатысушылар:
 Анна Стоян, Марина Матросова, Ангелина Шурыга, Валентина Эбель, Александр Малышев, Константин Борцов, Сергей Малышев, Олжас Климин, Иван Люфт, Дәулет Рахымбаев.
Басталуы: Әйелдердің іріктеу кезеңі 12:30-да, финал сағат 16:00-де. Ерлерде іріктеу 13:00-де, финал сағат 16:10 – да ("Хабар").
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

Спорт түрі: Конькимен жүгіру. Ерлер (1 500 метр), әйелдер (500 метр).
Қатысушылар
: Надежда Сидельник, Светлана Мальцева, Алена Стапцова, Екатерина Айдова, Иван Аржаников, Александр Кленко, Дмитрий Морозов, Федор Мезенцев.
Басталуы: Әйелдер сағат 11:00-де, ерлер сағат 14:10-да (KazSport).
Өтетін орны: «Медеу» мұз айдыны

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер. Еркін бағдарлама.
ҚатысушыларАйза Мамбекова, Жансая Адыханова, Вероника Шевелева.
Басталуы: Сағат 17:00-де ("Қазақстан").
Өтетін орны: «Алматы Арена»

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Топтық кезең.
Құрамалар: Ұлыбритания – АҚШ (ерлер, 12:30), Латвия - Корея (ерлер, 16:00), Швеция – Қытай (ерлер, 19:30), Ресей – Жапония (әйелдер, 20:00)
Өтетін орны: ерлер ойыны – «Халық Аренада», әйелдердікі – Балуан Шолақ спорт кешенінде.

Айта кетейік, үш күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын 2 күміс 4 қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді. Жарыс 8 ақпанға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама