Универсиада - 2017. Роман Креч жүлделі орынға іліге алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Ерлер арасындағы бұл сынға елімідің атынан Дарсиль Эссамамбо, Артем Крикунов, Станислав Палкин мен Роман Креч қатысты. Ел үміт артқан отандасымыз Роман Креч екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 71.72 (36.002 + 35.72) уақыт көрсеткішін көрсетіп, 7-орын алды. 

Артем Крикунов 9-орын, Станислав Палкин 12-орынға ие болды. 

Дарсил Ессамамбо болса 72,75 (36.16 + 36.59) уақыт көрсеткішімен 13-орынға жайғасты. 


500 метрге конькимен жүгіру сайысында жапон жігіті Кото Накао 70.76 (35.35+35.40) уақытымен  топ жарса, көрей жігіті Ким Юн Джин 71.13 (35.63 + 35.49) уақыт көрсетіп,  екінші орын алды. Үшінші орын тағы бір жапон жігі Татсуя Шинхамаға (71.42 - 35.73 + 35.69) бұйырды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама