Универсиада – 2017. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Қазақстандық жанкүйерлер бүгін спортшыларымыздан жоғары нәтиже күтетіні анық. Әсіресе, коньки мен биатлоннан жарыс жолына шығатын спортшыларымызға үлкен үміт артады.
Спорт түрі: Керлинг. (ерлер және әйелдер). Топтық кезең. Қазақстан-Швеция (ерлер), Қазақстан-Қытай (әйелдер), Қазақстан-Чехия (ерлер)
Басталуы: бірінші кездесу 09.00; екіншісі - 14.00; үшіншісі - 19.00
Өтетін орны: «Алматы-Арена»
Билет құны: 500 теңге.
Спорт түрі: Сноуборд. Параллельді слалом (ерлер, әйелдер).
Басталуы: 09.00 (параллельді слалом, іріктеу); 14.00 (параллельді слалом, финал)
Қатысушылар (Қазақстаннан): Роллан Садықов, Асылбек Бейсенов, Дарья Слободкина, Тупик Ксения
Өтетін орны: «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.
Билет құны: 1500 теңге.
Спорт түрі: Тау-шаңғысы спорты. Әйелдер. Комбинация (Супергигант, слалом).
Басталуы: 10.00 (комбинация, супергигант, медальдар сарапқа салынады); 13.30 (комбинация, супер-слалом, медальдар ойнатылады)
Қатысушылар: Мария Григорова, Екатерина Карпова
Өтетін орны: «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы («Хабар» арнасынан көрсетіледі).
Билет құны: 1500 теңге
Спорт түрі: Шаңғы спорты. Өкшелеп қуу жарысы, 5 шақырым (әйелдер), 10 шақырым (ерлер).
Басталуы: 10.30 (әйелдер, медальдар сарапқа салынады); 13.00 (ерлер, медальдар сарапқа салынады) Қатысушылар: Анна Шевченко, Ольга Мандрика, Анна Стоян, Ирина Быкова, Ангелина Шурыга, Анжелика Тарасова, Ринат Мухин, Олжас Климин, Сергей және Александр Малышев, Иван Люфт, Виталий Пухкало
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Билет құны: 700-1000 теңге.
Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. 1500 метр (әйелдер), 5000 метр (ерлер).
Басталуы: 11.00 (әйелдер, медальдар ойнатылады); 13.00 (ерлер, медальдар ойнатылады) Қатысушылар: Надежда Сидельник, Екатерина Айдова, Татьяна Климчук, Мария Сизова, Федор Андреев, Дмитрий Морозов, Артур Сергиенко
Өтетін орны: «Медеу» мұз айдыны
Билет құны: 1000-2000 теңге
Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер.
Басталуы: 11.00 (трамплиннен секіру); 15.30 (шаңғы жарысы)
Қатысушылар: Чингиз Ракпаров, Айбек Али
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Билет құны: 500 теңге
Спорт түрі: Биатлон. Жеке жарыс (әйелдер 15 шақырым, ерлер 20 шақырым).
Басталуы: 11.15 (әйелдер), 14.15 (ерлер). («Хабар» арнасынан көрсетіледі)
Қатысушылар: Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Усанова, Анна Кистанова, Елизавета Бельченко, Александра Сасина, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Антон Пантов, Василий Подкорытов, Владислав Витенко, Максим Браун
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Билет құны: 700 -1000 теңге
Спорт түрі: Фристайл. Акробатика. Аралас командалар. Қазақстан 1, Қазақстан 2.
Басталуы: 11.30 («Қазақстан» арнасынан көрсетіледі)
Өтетін орны: «Табаған» спорт,ойын- сауық кешені
Билет құны: 700 теңге
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Жапония-Корея).
Басталуы: 12.30.
Өтетін орны: «Халық-Арена»
Билет құны: 500-700 теңге
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Словакия - АҚШ ).
Басталуы: 16.00 («Хабар»)
Өтетін орны: «Халық-Арена»
Билет құны: 500-700 теңге
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Қазақстан - Швеция).
Басталуы: 19.30 («Хабар»)
Өтетін орны: «Халық-Арена»
Билет құны: 500-700 теңге.
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Жапония - АҚШ)
Басталуы: 20.00
Билет құны: 300 - 500 теңге.
Өтетін орны: Б.Шолақ атындағы спорт сарайы
Айта кетейік, Универсиаданың бірінші күні қазақстандық спортшылар 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 5-орында келеді.