Үндістаннан коронавирустың тағы бір штамы шықты
"SARS-CoV-2 вирусының жаңа бір линиясы пайда болды. Тек Үндістанға ғана тән E484K сынды генетикалық нұсқа. Негізгі нұсқадан шамалы айырмасы бар", - деп жазды институт қызметкері Винод Скария в Twitter желісінде.
Айта кеткен жөн, Үндістанда осымен коронавирустың екінші штамы анықталып отыр. Бұған дейін 2020 жылы қазанда B.1.617 штамы шыққан еді. Енді бұл қатарға тағы біреуі – B.1.618 қосылды. Екеуі де Шығыс Бенгалия штатынан шықты.
Кей деректерге қарағанда, бұл штамм АҚШ, Швейцария, Сингапур мен Финляндияда тараған коронавирус мутацияларына ұқсас.