Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының депутаттық өкілеті тоқтады

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото ©️ parlam.kz

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 914 Жарлығына сәйкес, парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР ОСК мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ҚР Конституциясының 52-бабына сәйкес "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 3,8-тармағына ұсыныс енгізеді", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Мәжіліс спикері Берік Әбдіғалиұлының жаңа жұмысына табыс тіледі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама