Ұлттық құрамадағы ең егде боксшы 8 дүркін Қазақстан чемпионы болды
Теміртас финалда Жамбыл облысының 21 жастағы боксшысы Нұрзат Оңғаровпен жұдырықтасып, алғашқы раундта ұтылса да, қалған уақытта тәжірибесінің арқасында жеңісті жұлып алды. Есеп:4:1
Қарсыласым жас әрі жеңіске аш. Өте қиын болды. Қазақстан чемпионатында кезекті рет мықтылығымды дәлелдегеніме қуаныштымын. Халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғауға тырысамын, - деді боксшы жекпе-жек соңында.
36 жастағы Жүсіпов ұлттық құрамадағы егде боксшылардың бірі. Қазақстан чемпионатында 8-ші рет топ жарды. Әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионатында (2013,2019) екі рет чемпион болған.