Ұлттық құрама капитаны қоржынға төртінші алтынды салды
Айбек финалда қытайлық Абдрашит Рахметулланы (тегі - ұйғыр) айқын жеңіп шықты. Есеп - 5:0. Осылайша, екі дүркін Азия чемпионы болды. 2022 жылы Амманда өткен жарыста да топ жарған.
Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан 9 боксшымыздың 4-еуі Азия чемпионы атағына қол жеткізді. 5 боксшымыз өзбекстандық қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 🥇4 алтын 🥈5 күміс 🥉1 қола медальмен аяқтады. Ал жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.
Ерлер нәтижесі:
1. Өзбекстан – 8🥇 2🥈 1🥉
2. Қазақстан – 4🥇 5🥈 1🥉
3. Тәжікстан – 1🥇 1🥈 3🥉
Қазақстан құрамасы сапында жүлде алғандар:
🥇 54 кг. Махмұд Сабырхан
🥇 86 кг. Бекзад Нұрдәулетов
🥇 92 кг. Сағындық Тоғамбай
🥇 + 92кг. Айбек Оралбай
🥈 48 кг. Санжар Тәшкенбай
🥈 57 кг. Оразбек Асылқұлов
🥈 67 кг. Дулат Бекбауов
🥈 71 кг. Абылайхан Жүсіпов
🥈 75 кг. Диас Молжігітов
🥉 80 кг. Ерасыл Жақпеков
Жүлдеге ілікпегендер:
❌ Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
❌ Сәкен Бибосынов
❌ Бейбарыс Жексен