Ұлттық құрама бапкері Самат Смақовтың командадан кететінін растамады
- Жаңа ғана дәлізде Самат ұлттық құрамадан кететіне байланысты ақпараттың жалған екенін айтты. Біз бұл туралы сөйлескен де емеспіз. Давид Лорияның да маусым соңына дейін жарақатына байланысты алаңға шыға алмайтынын білесіздер. Бізге Самат пен Давид секілді тәжірибелі ойыншылар керек. Тағы да қайталаймын, Саматтың ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы әңгіме болған жоқ, - деді бас жаттықтырушы.
37 жастағы қазақстандық футболшы ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2000 жылы өткізген. Команда сапында ең көп ойынға (74 ойын) қатысқан футболшы. 2011 жылы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын еді. Кейіннен араға 3 жыл салып қайта оралған-ды.
Самат Смақов ұлттық құрама сапында соңғы рет Қырғызстан құрамасына қарсы ойнаған болатын. Ал әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен Польша мен Черногория құрамасына қарсы ойнаған жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан мен Румыния арасындағы ойын ертең «Астана Аренада» өтеді. Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталатын кездесуді «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.