Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) су жаңа турниріҰлттар лигасыАстанадағыҚазақстанменГрузияқұрамалары арасындағы ойынмен басталды. Дүбірлі доп додасының алғашқы тарихи голын грузин ойыншысыГиорги Чакветадзесоқты. Қазақстан мен Грузия арасындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Алғашқы қауіпті соққыныБауыржан Исламханайып соққысынан бағыттаған. Доп қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Одан кейін 26 минуттаДмитрий Шомкодопты қақпа сызығынан қайтарды. Дәл осындай қауіпті шабуылды Қазақстан құрамасы да жасады. Бұл жолы қонақтар қатарынанГеоргий Наваловскийқақпасын голдан аман алып қалды. Екінші тайм басындаАлексей Щеткинніңгол соғатын тамаша мүмкіндігі болған. Алайда Қазақстан құрамасының шабуылшысыРоман Мұртазаевтыңтамаша пасын пайдалана алған жоқ. 69 минуттаГиоргий Чакветадзешеберлік танытып,Ненад Эричқақпасына допты тура бағыттады. Доп қақпа торында тулап, есеп ашылды.Грузин футболшысы Ұлттар лигасының тұңғыш тарихи голын соқты. 19 жастағы Гиоргий грузин футболының жарқын жұлдызы саналып жүр. Бельгияның Гент командасында ойнайды. Бұл ойыншыға ағылшындық клубтар да қызығушылық танытуда.