Уимблдон: Рыбакинаның жартылай финалдағы матчы сенсациямен аяқталды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/wta

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді. Ол бұл айналымда чехиялық теннисші Барбора Крейчиковамен кездесіп, үш сетте жеңіліп қалды.

Алғашқы сетте Елена 6:3 есебімен ұтқан еді, алайда екінші сетте қарсыласы есе қайтарды - 3:6. Соңғы, шешуші партияда қазақстандық теннисші 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Осылайша, отандасымыз карьерасында екінші рет Уимблдонның финалына шыға алмады.

Ал чехиялық теннисші енді ақтық сында титул үшін италиялық теннисші Жасмин Паолинимен таласады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама