Ағылшындық паркуршы Джеймс Кингстон Уэмблистадионының ең биік нүктесінен селфи жасады. Үлкен ғимараттардың үстіне шығып, селфи жасаумен танылған Кингстонның сегіз жыл армандаған межесі осы алаңның үстіне шығу болған екен. 122 метр биіктікте орналасқан стадионның аркасына көтерілу үшін Джеймс үш ай бойы отыздан аса адаммен келісімге келген көрінеді. Уембли стадионының аркасы бүгінгі таңда англиядағы ең биік спорт ғимараты болып саналады.