УЕФА Сербия мен Албания құрамаларын жазалады

О Сансызбай Корреспондент

Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздік орын алған кездесудің 41 минутында алаңға ұшатын аппарат (квадрокоптер) арқылы «Ұлы Албания» Туы көтерілген. Ал алаң иелері ойыншыларының бірі жалаушаны жұлып алған-ды. Нәтижесінде албандықтар да қарсы көтеріліп, ойын жаппай қақтығысқа ұласқан еді. Соңғы кездері бұрынғы Югославия жерінде албандар «ұлы мемлекетін» құру үшін де күш салып жүр деген сыбыстар да бар. Тағы бір айта кететін дүние, екі ел өзара кездесу кезінде стадиондарда бір-бірінің жанкүйерлерін кіргізбеуге уәде берген. Қақтығысқа себепкер болған ұшатын аппаратты құрметті қонақтар отыратын орыннан Албания премьер-министрінің ағасы Олси Рама ұшырған.

Сонымен Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағының (УЕФА) тәртіптік-бақылау комитеті ойындағы нәтижені 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына жазды. Бірақ, бәрібір іріктеу кезеңінде сербтерден үш ұпай алынып тастайтын болды. Сонымен қатар, Сербия құрамасы іріктеу кезеңінің екі кездесуін жанкүйерлерсіз өткізеді. Қос құрама да 100 000 еуро көлемінде айыппұл төлейді. Екі футбол басшылықтарының алдағы уақытта шағым түсірулеріне болады.

Cурет: sport-express.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама