УЕФА "Астана" – "Бенфика" матчында автокөлік ойнатуға рұқсат бермеді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

"Өкінішке қарай, "Астана" мен "Бенфика" футбол клубтарының арасында өтетін матчта құнды заттарды ойнатудан бас тартатынымызды хабарлаймыз, себебі УЕФА өкілдері бұл акцияны өткізуге рұқсат берген жоқ", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" – "Бенфика" матчында көрермендердің біріне автокөліктің бұйыруы мүмкін екені хабарланды. Сонымен қатар, 25 қарашада "Галатасарай" – "Астана" матчына жолдама және өзге де сыйлықтарды ойнату жоспарланды.

Алайда матчтың ұйымдастырушылары жанкүйерлерге өзге бір акцияны ұсынды – матчқа екі билет сатып алған адамға үшіншісі сыйлыққа беріледі.

"Астананың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңындағы соңғы ойыны 25 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама