УЕФА «Ақтөбе» қарсыласын жазалады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Дәл мұндай шешім қабылдануының себепкері «Стяуа» жанкүйерлері болып отыр. Олар екінші електік кезеңде норвегиялық «Стромсгедсет» командасына қарсы кездесуде сыған жанкүйерлерге нәсілшілдік кемсіту сөздер айтқан болатын. Сол себепті, алдағы болатын «Ақтөбеге» қарсы ойында 102, 103, 104, 121, 122, 123 және 124 секторлар жабық болады. Бұл секторларға билет алып қойған жанкүйерлер болса, кассаға барып билеттерін алмастырып алса болады.

Естеріңізге сала кетсек, 6 тамыз күні Астана уақытымен сағат 23:30-да Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңі аясында «Ақтөбе» мен «Стяуа» клубтары кездеседі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама