Уалихан Тен Алматы қаласы әкімінің спорт жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды

Айбар Рысдәулет Корреспондент

Уалихан Тен – екі жоғары білімі бар азамат. Ол энергетика және байланыс институты мен Қазақ спорт және туризм академиясында білім алған. Уалихан Тен – пауэрлифтинг бойынша Әлем, Еуропа және Азия чемпионы. Сондай-ақ бодибилдингтен екі мәрте Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарған. Ішкі біріншілікте қарсылас шақ келтірмеген. Бірнеше мәрте Ironman атанған.

Қазір Валихан ТенWRPF KZ және WPC KZ пауэрлифтинг федерациясының президенті қызметін атқарады. Оған қоса World Class Almaty бас директоры.  Қазақстандағы WRPF ресми өкілі. 2018 жылдың соңынан бастап Қазақстандық біріккен ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры.

Уалихан Тен сонымен бірге "ОО «Almaty Triathlon Federation" қоғамдық ұйымы және "Бірінші болу батылдығы" корпоративтік қорының (Алматы марафоны) мүшесі.

2015 жылы спортшы көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, дене шынықтыру жаттығулары, тамақтану тәртібі т.б. тақырыптарды талдай отырыпорыс тілінде "Другой ты" кітабын жазды. Кітап Мәскеудің ең ірі баспаларының бірі "Манн, Иванов и Ферберде" шықты. "Другой ты" кітабы ТМД елдеріндегі бестселлер болды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама