Түркия футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш берді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ CNN Türk

Түркия елі өз тарихында ұлттық құрамалар арасындағы халықаралық додаларды өткізбеген. 2016 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш білдіргенмен, дауыс беру қорытындысы бойынша Франция жеңіске жеткен болатын.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге Германия да өтініш білдіріп үлгерді. Сондай-ақ Скандинавия елдер, Португалия мен Испания да өтініш білдіруге ниетті елдер қатарында. 

Айта кетейік, 2020 жылғы Еуропа чемпионаты 13 қалада өтеді. УЕФА басшылығының шешімімен бұл тізімге Санкт-Петербург (Ресей), Баку (Әзірбайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Мюнхен (Германия), Брюссель (Бельгия), Амстердам (Нидерланды), Копенгаген (Дания), Рим (Италия), Бильбао (Испания), Дублин (Ирландия), Лондон (Англия) және Глазго (Шотландия) қалалары енген.

Топтық кезең және 1/8 финал ойындары Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго қалаларында өтеді. Ал, ширек финал кездесулерін Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург, Рим қалалары қабылдайды. Жартылай финал және финал Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама