Трансферге ең көп қаржы жұмсаған біріншіліктер

О Сансызбай Корреспондент

Жазғы трансфер кезеңінде ең көп қаржы жұмсаған ағылшын премьер-лигасы болып танылды. Командалар жаңа ойыншылар сатып алу үшін 1,03 миллиард еуро қаржы жұмсаған. Екінші орында Испания примерасы орналасса, үштікті Италияның серия «А»-сы қорытындылап отыр.

Ең көп қаржы жұмсаған біріншіліктер ондығы:

1. Ағылшын премьер-лигасы– 1.03 миллиард еуро

2. Испания примерасы – 481.88 миллион еуро

3. Италияның «А» сериясы– 326.37 миллион еуро

4. Неміс бундеслигасы – 283.66 миллион еуро

5. Франция 1-ші лигасы - 134.06 миллион еуро

6. Ағылшын чемпионшипы – 103.13 миллион еуро

7. Португалия біріншілігі – 99.09 миллион еуро

8. Ресей біріншілігі – 73.04 миллион еуро

9. Түркия чемпионаты – 72.34 миллион еуро

10. Катар чемпионаты – 27.10 миллион еуро

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама