Тойың құтты болсын, толағай!
Үйлену салтанаты Алматының белгілі бір мейрамханасында өтті. Дәм толы дастарханы мен сән толы салтанатына толағай батырымыз тоқсан адамды шақырған екен.
Құрметті қонақтардың арасында президенттің кеңесшісі Қырымбек Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР спорт агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев, «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Ырзақұл Нұртаев және белгілі шенді депутаттар мен бизнесмендер болған.
Қазақстан Республикасы президентінің той иесіне деген құттықтау хатын салтанатты түрде Ахметжан Есімов оқып берді.
Естеріңізге сала кетсек, Илья мен Наталья көптен бері азаматтық некеде өмір сүріп келген болатын. 2009 жылы олардың Милана атты қыздары дүниеге келген.
Өзінің азаматтық некедегі жұбайымен заңды түрде бас қосатыны жөнінде Илья тек отызыншы олимпиада ойындары өткен соң ғана жария қылды.
Массагет.кз порталының ұжымы Алаш елін әлемге танытқан алып азаматтың көтерген шаңырағына шаттық, береке тілейді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер ilyailyin.ru және Мурат Әбеновтың facebook-тағы парақшасынан алынды