Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы жекпе-жектерден уақытшашеттетілді, - деп хабарлайдыVesti.kzспорттық порталы BoxRec.com басылымына сілтеме жасап. Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді. Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Шыңғысхан Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Димаш Ниязовты 27 маусымға дейін шеттетті. Ал Айдар Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Сағадат Рахманқұловқа (19 маусымға дейін) қатысты шешімді Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шығарған. Әзірге қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерден не үшін шеттетілгені белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет ұпай санымен мексикалық Анхель Саринанан жеңіліп қалған болатын. Айдар Шәрібаев та сәуір айында америкалық Эндрю Канчиодан ұтылып, жеңілістің кермек дәмін татқан-ды. Сағадат Рахманқұлов пен Шыңғысхан Тәжібай жеңісті жолдарын жалғап келеді.