“Томирис“ хоккей клубы Әйелдер хоккей лигасына қосылуы мүмкін
- Біз жарты жылдан бері келіссөздер жүргізудеміз. Өтініш қабылдау басталғалы бері хоккей клубының басшылығы және Қазақстан хоккей федерациясымен жұмыстар жасаудамыз. Қазір қаржы мәселесін қарастырып жатырмыз. Келіссөздер мен атқарылған жұмыстарға қарағанда көп уақыт өтпей "Томирис" біздің жарысқа қосылады, - деп ойлаймын деді Кобылянский.
Бұл жайында "Барыс" хоккей клубының президенті Асқар Шопобаев та өз ойын білдіре кетті.
- Біз Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Мальцевпен келісе отырып, құрамаға кадрлар қажет деген шешімге келдік. Біз қатысу жайында құжаттарды дайындап, өтініш беріп қойдық. Сондай-ақ бюджетті де бекіттік. Алда енді бұл чемпионатқа қатысу жайында үкіметтің келісімін күтіп отырмыз, - деді Шопобаев.
Айта кетейік, осы маусымдағы Әйелдер хоккей лигасына (ӘХЛ) 7 команда қатысуда. Барлығы – ресейлік командалар. Осыған дейін ҚХЛ басшылығы 2022 жылға дейін ӘХЛ жарысындағы командалар санын 10-ға дейін жеткізу жайын айтқан болатын.
"Томирис" командасы қазіргі таңда Қазақстан чемпионатында "Айсұлудан" кейін екінші орында келеді.