Төл спортымыздан тең қарсыластар табылмады
Алатау бөктеріндегі әлем чемпионатына биыл 23 елден 60 спортшы қатысты. Еліміздің намысын 8 тоғызқұмалақ шебері қорғады. Ойындар швейцар жүйесі бойынша 7 турдан классика, рапид және блиц түрінен өтті. Әр ойыншыға классикалық ойында – 1,5 сағаттан, рапидте – 20 минуттан, блицте – 7 минуттан уақыт берілді.
Қазақтың төл өнерін насихаттау мақсатында өткен додада отандастарымыз барлық сында жеңіс тұғырынан көрінді.
Әлем чемпионаты қорытындысы (классика):
Ұлдар
1. Елеусінов Хакімжан (Қазақстан)
2. Каймулдин Жанат (Қазақстан)
3. Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)
Қыздар
1. Далиева Әсел (Қазақстан)
2. Керимбекова Аида (Қырғызстан)
3. Сапарбекова Салтанат (Қазақстан)
Турнирдің қорытындысы (блиц):
Ұлдар
1. Ақтаев Серік (Қазақстан)
2. Қабиев Нұрбек (Қазақстан)
3. Петерс Алексей (Германия)
Қыздар
1. Сапарбекова Салтанат (Қазақстан)
2. Далиева Әсел (Қазақстан)
3. Максатбек кызы Айтурган (Қырғызстан)
Турнирдің қорытындысы (рапид):
Ұлдар
1. Қабиев Нұрбек (Қазақстан)
2. Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)
3. Петерс Алексей (Германия)
Қыздар
1. Далиева Әсел (Қазақстан )
2. Кенина Диана (Қазақстан)
3. Курманбекова Мадина (Қырғызстан)
Ұқсас жазба
Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды
Сурет: massaget.kz