Токио Олимпиадасы: 11 жастағы спортшы
Хенд Заза үстел теннисінен Иорданияда ұйымдастырылған іріктеу кезеңінен үздік шығып, Олимпиадаға жолдама ұтып алды. Финалда ол өзінен 31 жас үлкен ливандық Мариан Саакянды 4:3 есебімен жеңді. Оның жасы 42-де.
Осыған дейін аталған Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы британиялық скейтборшы Скай Браун болып келген. Ол шараға екі апта қалғанда 12 жасқа толады. Хенд Заза одан бірнеше айға кіші.
Ал ең жас Олимпиада жүлдегері грек гимнасты Димитрос Лундрас болған. Ол 1896 жылы Афина қаласында өткен ойындарда қола медальды қанжығасына байлаған. Ол кезде спортшы 10 жаста еді.