Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Туризм және спорт министрлігі

"Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!" – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанды.

Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын (J2 категориясы).

Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама