«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
- Дмитрий Огай мен «Тобыл» футбол клубы екіжақты мәміле бойынша келісімшартты бұзды. Команда басшылығының мұндай шешім қабылдауына бас жаттықтырушының командадан кету кету туралы арызы себеп болды, - дейді ресми хабарламада.
Команда келесі турда «Таразбен» ойнайды. Ойыншылар оқу-жаттығу жиындарын бастап та кетті. Жақын арада бас бапкердің қызметін уақытша атқаратын маманның есімі аталатын болады.
Айта кетейік, кеше қостанайлық клуб ел кубогының 1/8 финалында Петропавлдың «Қызылжар СК» клубына қарсы ойында пенальти сериясында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ал премьер-лиигадағы турнир кестесінде «Тобыл» 8 ұпаймен 5-орында келеді.