"Тобыл" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ "Тобыл" ФК

Түркістандағы ойынның негізгі уақытында командалар тең тарқасты. Бірінші таймда Сергей Малый "Тобылды" алға шығарса, ойын аяқталар сәтте Марин Томасов айып соққысынан таразы басын теңестірді.

Суперкубок иегері ойын соңындағы пенальти бойынша анықталды. Қостанайлық клуб қақпашысы Александр Мокин Роман Муртазаев тепкен допты қайтара біліп, командасына жеңіс сыйлады. Өзге ойыншылар 11 метрлік соққыдан мүлт кеткен жоқ.

Айта кетейік, биылғы Қазақстан Суперкубогы жаңа форматта өтуде. Төрт команда қатысқан жарыста "Тобыл" – жеңімпаз, "Астана" – күміс, "Қайрат" қола жүлдегер атанды.

"Тобыл" — "Астана" 1:1 (1:0), пен. 5:4
Гол соққан: Малый 14 (1:0), Томасов 90+1 (1:1)
Пенальти тепкендер: Бейсебеков — 0:1, Мужиков — 1:1, Чуперка — 1:2, Аманович — 2:2, Муртазаев (қақпашы) — 2:2, Тагыберген — 2:3, Барсегян — 3:3, Йованчич — 4:3, Томасов — 4:4, Нургалиев — 5:4. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама