«Тиін адамның» тағдырына алаңдаушылар көп

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Қызуқанды жанкүйердің алаңға жүгіріп шыққаны тәртіп бұзушылық болып саналатыны рас. Дәл осындай жағдай 2008 жылы Алматыдағы Қазақстан мен Англия арасындағы ойында да орын алған. Ол жолы жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан болатын. Кейіннен тәртіп бұзған жанкүйерге 3 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынып, босатылған-ды. Ал Қазақстан-Түркия ойынында «тиін адамды» 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін деген ақпарат пайда болып, қоғамда қызу талқыланып кетті. Ғаламтор қолданушылары тіпті түрлі саяси және өзге де жағдайлармен салыстыра қарай бастады.

Әлем футболы мен спорттық жарыстарында алаңға жүгіріп шығатын жанкүйерлер жетіп артылады. Тіпті Қазақстан мен Түркия кездесуінен кейінгі Армения мен Португалия кездесуінде де бір жанкүйер алаңға жүгіріп шықты. Кейіннен белгілі болғандай тәртіп сақшылары жанкүйерді кездесу соңынан босатып жіберген. Ал Алматының орталық стадионында ереже бұзған жанкүйердің ісі сотқа өткені туралы ақпарат жарияланған жоқ. Полиция өкілдері ресми ақпаратты жариялағанша, ол туралы алып-қашпа әңгімелер таусылар емес. Айыппұл салынатыны ақиқат болғанмен, абақтыға жабылатыны ақылға қонымсыз екені рас.   

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама