Тайсон Гэй Мәскеудегі әлем біріншілігіне қатыса алмайтын болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Бұл туралы спортшы допингтік тексерістің оң нәтиже бергендігін мәлімдегеннен кейін белгілі болып отыр. Гэйдің сөзінше, Американдық антидопингтік (USADA) агенттік оны жарыстар өткізілмеген мамыр айындағы тексерістің А үлгісі спортшының қанында тыйым салынған дәрінің бар екендігін хабардар еткен,. 

Әлемдегі ең жылдам адамдардың бірінен саналатын Гэй дәл қандай дәріні қолданғандығын айтқан жоқ. Жеңіл атлет алда әлі В үлгісінің қорытындысын күтетіндігін де айта кетті. 

Біраз уақыттан бері жарақаты салдарынан жүгіре алмаған Гэй осы жылдың маусым айында АҚШ біріншілігінде 100 және 200 метр қашықтықта топ жарған болатын.

Ал осыдан сәл уақыт бұрын Ямайканың ең танымал жеңіл атлеті Вероника Кэмпбелл Броун да допингтік дауға тап болған еді. 

Естеріңізге салсақ, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 10-18 тамыз аралығында Мәскеуде өтеді.   


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: peoples.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама