Тайландтық былғары қолғап шебері Ваенхонг Менайотин өзінің профессионалды бокс мансабындағы елу бірінші жеңісіне қол жеткізді. Осылай 32 жастағы спортшы америкалық боксшы Флойд Мейвезердің рекордын жаңартты. Ваенхонг 29 тамызда филипиндік Педро Тадуранды жеңіп, 47,6 келі салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін қорғады. Менайотин 51 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Ал америкалық боксшы мансабында 50 жекпе-жек өткізіп бірде-бір рет жеңілмей, отандасы Рокки Марчианоның рекордын бұзған еді. Рокки Марчиано 1940-50 жылдар аралығында 49 рет шаршы алаңға шығып, жеңілмеген. Менайотин 2014 жылдың қарашасында WBC чемпиондық белбеуіне ие болған. Боксшы барлық жекпе-жегін отаны Тайландта өткізген.