Тарихи нәтиже! 17 боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Ширек финалда 18 боксшы жұдырықтасты. Оның 17-і жартылай финалға жолдама алды. Бұл - қазақ боксы тарихындағы рекорд. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына кем дегенде 17 медаль түсіп тұр.
Жартылай финалға Өзбекстаннан 13 боксшы, Қытайдан 10 боксшы жолдама алды.
1/2 финалға шыққан ерлер құрамасы:
- 48 келі: Диас Берікбай
- 51 келі: Бексұлтан Боранбек
- 57 келі: Жансері Көшербаев
- 67 келі: Төрехан Сабырхан
- 71 келі: Өнер Сейілхан
- 75 келі: Санжарәлі Бегалиев
- 92 келі: Расул Асанханов
+92 келі: Аслан Елдібайұлы
1/2 финалға шыққан әйелдер құрамасы:
- 48 келі: Әнел Әбдірасылова
- 50 келі: Елянур Тұрғанова
- 52 келі: Багжан Отынбай
- 60 келі: Толғанай Қасымхан
- 63 келі: Аружан Жаңабаева
- 66 келі: Ұлдана Таубай
- 75 келі: Шұғыла Налібай
- 81 келі: Аружан Зейноллаева
+81 келі: Панар Сейтханқызы
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыға IBA 8 000 АҚШ доллары (3,9 млн теңге) көлемінде сыйақы береді. Күміс жүлдегер - 4 000 доллар (1,9 млн теңге), қола жүлде иесі 2 000 доллар (970 мың) алады. Сондай-ақ ширек финалға дейін жеткендер де 1 000 доллардан (490 мың) иеленетін болады.