Қазақстандық шаңғышы Александр Колядин Пхенчханда өтіп жатқан ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарында жеңімпаз атанып, тарихи жетістік шыңын бағындырды. Бұл - Қазақстан Паралимпиада құрамасы тарихындағы тұңғыш жүлде. 1,5 шақырымдық классикалық спринтте отандасымыз үздік шықты. Күміс медаль иеленген жапон спортшысы Йошихиро Ниттен 0,8 секундқа ерте келді. Қола жүлдені каналдалық шаңғышы Мрак Арендс иеленді. Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 6 спортшы аттанған еді. Бұл қысқы Паралимпиада ойындарындағы еліміздің атынан ең көп спортшы қатысып жатқан аламан. Жарыс 18 наурызға дейін жалғасады. Пхенчхандағы жарыс 9 наурыз күні басталды. 12 наурызда қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц 20 шақырым қашықтықты еркін стильде жүріп өтуде 4-орын алған болатын. Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 13-орынға көтерілді.