Тарихи жеңіс! Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Мира Лұқпан Корреспондент

Ширек финалға жолдама беретін матчта қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады. 

Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.

Ал екінші кезеңнің ең соңғы сәттерінің бірінде Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы алға шығарып, Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Ширек финалда Аргентина-Хорватия кездесуінде жеңіске жеткенімен кездеседі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама