Танымал қақпашы "Қайрат" сапынан кететін болды
Танымал қақпашы алматылық клубпен қоштасып үлгерген. 14 маусым бойы "Қайрат" қақпасын қорғаған қақпашы екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. 5 рет әлемнің үздік қақпашысы атанды.
Игита биыл чемпион атанған "Семей" командасының сапына қосылуы мүмкін. Алайда тәжірибелі қақпашы мансабын нақты қайда жалғастыратыны әзірге белгісіз.
"Қайрат" командасы Игитаның орнына "Атырау" командасының қақпашысы Ерасыл Шарапиденовті алмақ. Ол болашағынан үлкен үміт күттіретін қақпашылардың бірі.
Қазіргі таңда алматылық команда құрамында бразилиялық Деннис пен ұлттық құрама қақпашысы Нарун Серіков те бар.