Танымал футболшының сүйегін қайта қазып алатын болды
Кесене құрылысы 2025 жылы Буэнос-Айрестің Пуэрто-Мадеро ауданында басталады деп жоспарланған. Марадона жерленген Белья-Виста зиратынан оның сүйегін қазып алып, кесенеге көшіруге сот рұқсат берген. Кесене президент сарайының маңында орналасатын болады.
Диего Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасында қайтыс болды. 1986 жылғы әлем чемпионы жүрек талмасынан көз жұмған еді. Сонымен қатар Марадона өліміне себепкер болды деген айыппен (жұмысына селқостық танытқаны үшін) сегіз медицина қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.