Танат Нөсербаев «Ордабасыға» қайта оралды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

2011 жылы шабуылшы «Ордабасыдан» елордалық «Локомотив» сапына ауысқан еді. Кейін бұл команда "Астана" деп өзгертілді. 2013 жылы Танат Нөсербаев команданың капитаны болды. 

«Астанада» ол Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнады. Жалпы елордалық клуб сапында Таңат Нөсербаев 152 кездесу өткізіп, 46 гол соқты. 

Айта кетейік, Шымкент футбол мектебінің түлегі Таңат Нөсербаев 2006 және 2010 жылдар аралығында "Ордабасы" сапында өнер көрсеткен еді. Бұл аралықта ол 79 кездесуге қатысып, 13 гол соққан. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама