Талғат Байсуфинов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен Владимир Никитенко кеткеннен кейін, оның орнына Талғат Байсуфинов тағайындалды.

Талғат Байсуфинов ойыншы ретінде павлодарлық "Аңсат" ("Ертіс") және Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған. Сонымен қатар, "Металлург" (Ақсу, Павлодар облысы), "Еңбек" (Жезқазған), "Жетісу" (Талдықорған), "Маңғыстау" (Ақтау), "Екібастұз" (Екібастұз) және "Восток" (Өскемен) клубтарында доп тепті.

Жаттықтырушылық қызметін "Ақсудан" (Степногорск) бастап, "Ертіс" (Павлодар) және "Ақжайық" (Орал) командаларында жалғастырды. Сонымен қатар, қызылжарлық "Есіл-Богатырь" клубының жаттықтырушылар құрамында болды. Талғат Маруанұлы павлодарлық «Ертіспен» ел чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды. Қазақстан Кубогының финалына да шықты.

2016 жылы Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырып, жолдастық кездесулерде Әзірбайжан және Қытай құрамаларын ұтты. 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польша және Румыния құрамаларымен тең түсті. 2017 жылы Қазақстан Футбол Федерациясында техникалық директор қызметін атқарды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама