Джакартадағы Азиаданың 4-ші күні таэквондошы Жансель Дениз әйелдер арасындағы сында күміс еншілесе, ерлер сайысындаРуслан Жапаров қол медальге ие болды. Түркияда туған қазақ Жансель Дениз +67 келіде күміс жүлдегер атанды. Ол алғашқы айналымда 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері филиппиндік Кристи Алораны 8:7 есебімен, ширек финалда вьетнамдық Лам Тхи Тханхты 16:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда өзбекстандық Светлана Осиповадан 16:1 есебімен басым түсті. Ал финалда Дабин Лиден (Оңтүстік Корея) кездесіп, жеңіп қалды - 21:27. Ал ерлер арасында +81 келіде сынға түскен Руслан Жапаров Азия ойындарының қола медалін алды. Ол алғашқы айналымда непалдық Анож Пижариді 21:0 есебімен, екінші айналымда таиландық Наттапат Тантрамартты 30:15 есебімен жеңді. Жартылай финалда Иран спортшысы Саид Раджабиден 5:7 есебімен жеңілді. Таэквондода қола үшін кездесу өтпейді. Жартылай финалға шығып жеңілген спортшы бірден қола медаль алады. Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, үш күміс, бес қоламен жалпы есепте 11-орында келеді.