Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Мырзабаев XVIII жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 80 кг салмақ дәрежесінде бақ сынайтын отандасымыз жартылай финалда кореялық спортшы Хваджун Лиге жол берді. Бастапқыда ұтып-ақ тұрып, соңғы сәттерде есе жіберіп алды. Есеп - 16:17. Нұрлан Мырзабаевтың жүлдесі - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 17-медаль. Жалпы есепте біздің құрама 1 алтын 5 күміс 11 қоламен үздік ондықтан шығып қалды. Бүгінгі жарыс бағдарламасы әлі аяқталған жоқ. Алдағы уақытта Индонезия жерінен қуанышты хабарлар күтеміз.